Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының жұмыс сапары

2019 жылғы 26 ақпанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Е.Ф. Степаненко жұмыс сапары аясында Заградовка орта мектебінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қамқоршылық кеңестер, өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды. Ашық диалог өтті, оның барысында педагогтар департамент басшысына өздерін қызықтырған сұрақтарды тікелей қоя алды.

«Мектептер мен балабақшаларда іріктеу мәселесін болдырмау үшін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қаржы қаражатын мақсатсыз пайдалану және сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жүзеге асыру мүмкіндігін болдырмайтын толық қаржылық есептілікті міндетті түрде жариялауды ұсынады», — деп атап өтті Елена Федоровна.

Сонымен қатар, «Адал ұрпақ» мектеп клубының мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы флешмоб ұйымдастырды, «Парасатты азамат» бұрышы көрсетілді.

26.02.2019
Қаралым саны: 2263
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz