Мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы

2019 жылдың 14 ақпанында Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданының Заградовка ауылында Ауғанстаннан әскерлердің шектеулі контингентін шығарудың 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында аудан әкімі Е. Сағдиевтің, Ауған соғысы ардагерлерінің облыстық кеңесінің төрағасы И. Гамовтың, интернационалист-жауынгерлердің өздерінің және ауыл тұрғындарының қатысуымен интернационалдық борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан Гунгер Петр Ивановичке мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті.

Ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі аяқталғаннан кейін жауынгер-интернационалистерге арналған ескерткіш қабырғада митинг өткізілді.

14.02.2019
Қаралым саны: 1851
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz