Есептік кездесулер

«2021 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2022 жылға арналған межелері» туралы Заградовка ауылдық округінің әкімі Б. Төлегеновтың округ тұрғындары алдындағы есебі

Заградовка ауылдық округінің құрамына 380 ауласы санымен 4 елдімекен кіреді. Заградовка ауылында 296 аула, Тонкошуровка ауылында 23 аула, Горное ауылында 45 аула, Жамбыл ауылында 16 аула. Округте барлығы – 1124 адам өмір сүреді, Заградовка – 865 адам, Тонкошуровка – 62 адам, Горное – 141 адам, Жамбыл – 56 адам.

1. ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

Ауылдық округ аумағында 5 агроқұрылым жұмыс істейді: 4 ЖШС және 1 ШҚ.

Округ бойынша ауыл шаруашылық жерлері – 29490 га, соның ішінде: егістік – 26640 га, жайылым – 5719 га. 2021 жылы округ бойынша жаздық егіс алаңы 20732 га. сондай-ақ дәнді дақылдар 15645 т, майлы дақылдар 3416 га.

2021 жылда дәнді дақылдардың жалпы түсімі 26,9 мың тоннаны, өнімділік 17,2 ц/га, майлы дақылдар 3,2 мың тоннаны құрады, өнімділік 9,5 ц/га.

2. МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

Округте мал шаруашылығын дамытумен «Заградовское» ЖШС, «Прометей-Агро» ЖШС және округ тұрғындары айналысады. Округ шаруашылықтары бойынша мал саны: ІҚМ – 1272 бас қазақ ақбас асыл тұқымды, соның ішінде «Заградовское» ЖШС - 861 бас және «Прометей-Агро» ЖШС – 411 бас, 25 жылқы және 30 қой. Сүт-тауар фермасында 883 бас симменталь тұқымды ІҚМ.

Жеке сектордағы мал басы: ІҚМ – 237бас, жылқы – 274 басы, қой және ешкі – 929 бас шошқа – 519 бас.

Округтің ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 2225,5 т сүт және 79,6 т ет сатылды. Жеке секторда сүт сатып алуды «БерАлИл» жеке кәсіпкері бір литріне 125 теңге бағасымен жүзеге асырады.

3. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Округте халықты жұмыспен қамтудың барлық бағыттары бойынша жұмыс жүргізілуде. 2021 жылдың 9 жұмыссыз адам ресми түрде тіркелді, жұмыссыздар деңгейі экономикалық белсенді халық санына 1,5% құрады.

Жыл басынан бері қоғамдық жұмыстарға 6 адам жіберілді, жаңа тұрақты жұмысқа 22 орын. 2021 жылы «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асыру бойынша 2 адам білім алды, ЖК дамытуға 2 кәсіпкер 4 млн.350 мың теңге сомасында грант алды. Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында 9 отбасы жалпы сомасы 1 млн 361 мың теңгеге мемлекеттік атаулы көмек алды. Мерекелік күндерге әлеуметтік төлемдер 41 адамға 1 млн.21 мың теңге төленді. Округ бойынша барлығы 3 млн 533 мың 760 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді.

4. КӘСІПКЕРЛІК

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 21 бірлікті құрады, оның ішінде 9 дүкен, дәріхана, киім тігу және жөндеу шеберханасы, шиномонтаж шеберханасы, бір жеке кәсіпкер көлік қызметін көрсетеді, 4 ЖК тасты өңдеумен айналысады (маусымдық жұмыс). Ауылдық округте 2 наубайхана жұмыс жасайды, үздіксіз және сапалы жұмыс жасағандары үшін наубайхана нанының бағасы тұрақты болып қалады «Прометей-Агро» ЖШС-де нан бағасы 110 теңге, «Заградовское» ЖШС-де 180 теңге (1,1 кг).

5. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша инвестиция көлемі: «Заградовское» ЖШС - 309,41 млн.тг.; «Родичи» ЖШС - 5,4 млн.тг. «Прометей-Агро» ЖШС - 246,5 млн.теңге, оның ішінде ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға: 436,6 млн. теңге. Оның ішінде: «Заградовское» ЖШС - меншікті қаражат есебінен жалпы сомасы 260,6 млн. теңгеге 45 бірлік; «Родичи» ЖШС - 5,4 млн. теңге сомасына 30 бірлік, «Прометей-Агро» ЖШС - 170,6 млн. теңге сомасына 11 бірлік, ҚазАгроҚаржы қаражаты есебінен 115,8 млн. теңге сомасына 2 бірлік.

6. БІЛІМ

Округте жалпы білім беру мекемелері 2 мектеп, Заградовка ауылында бір орта мектеп, Горное ауылында 1 негізгі мектеп, 183 оқушы қамтылған. Сонымен қатар округте Заградовка орта мектебінде 1 мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді. 60 орындық балаларды қамтитын бір шағын орталық жұмыс істейді, балаларды 100% қамтиды. Интернет желісіне 2 мектеп қосылған 2021 жылы «Заградовское» ЖШС және «Прометей-Агро» ЖШС жаңа жылдық декорацияларды сатып алуға 200 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.

7. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Халыққа медициналық көмекті Заградовка ауылында 1 ФАП және Горное ауылында 1 медициналық пункт көрсетеді. Коронавирус бойынша сырқаттанушылық көрсеткіші: 2 адамды құрады. Коронавирустық инфекциямен күресу мақсатында ағымдағы күнге екпе алуға жататын халық санының 96% - ы екпе алды. Сондай-ақ, 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді екпе алуға және халықты қайта екпе алу жұмыстары жүргізілуде.

8. МӘДЕНИЕТ

Ауыл тұрғындарының мәдени бос уақытын кітапхана, Мәдениет үйі, «Старый клуб» мәдени-сауық орталығы қамтамасыз етеді. Округ «Елбасы медалі», «Мерейлі Отбасы», «Еңбек жолы» сияқты аудан мен облыстың барлық мәдени-бұқаралық іс-шараларына белсенді қатысады.

9. СПОРТ

Ауылдық округте спортпен шұғылдану үшін екі футбол алаңы бар, «Прометей» спорт үйі жұмыс істейді, хоккей жаттықтырушысы бар, спорт жабдықтары жаңартылып, іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

10. ҚҰРЫЛЫС

ЖШС қаражаты есебінен жыл сайын жаңа үйлер пайдалануға беріледі. 2021 жылы ауылдық округтегі ЖШС жұмысшылары үшін 4 тұрғын үй салынды, сондай-ақ 2022 жылы ЖШС жұмысшылары үшін 4 жаңа тұрғын үй салу жоспарлануда.

11. СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2021 жылғы 15 желтоқсанда Заградовка ауылында заманауи тазарту жабдығы бар су тарату пункті ашылды. Жоба сомасы 11 млн.583 мың теңгені құрады, сондай-ақ Тонкошуровка ауылының тұрғындары жер асты көздерінен су құбырын пайдаланады. Горное және Жамбыл тұрғындары суды тазарту станциясын пайдаланады.

12. АБАТТАНДЫРУ

2021 жылы ауылдық округ ауылдарының көшелерін жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Тонкошуровка ауылында 1 көше жарықтандырылды, жалпы сомасы 579600 теңгеге 9 шам орнатылды; Заградовка ауылында 3248000 теңгеге 66 шам орнатылды, 1081920 теңгеге 15 шам ауыстырылды.

2021 жылдың қазан айында Заградовка ауылындағы жолдарды кескіндеу 1,3 млн. теңге сомасына, Тонкошуровка ауылына кіреберіс жолды төсеу жұмыстары жүргізілді.

2021 жылдың мамыр және қыркүйек айларында жалпы сомасы 2 млн. теңгеге қоқыс тастайтын жерлерді үймелеу жұмыстары жүргізілді.

Заградовка ауылында екі қазандық жұмыс істейді: қатты және биологиялық отынмен жеке үйлерді, мектептң, ауылдық округ әкімдігін, мәдениет үйін және наубайхананы жылытады.

13. САЛЫҚ

2021 жылы салық және жергілікті бюджеттің басқа да міндетті төлемдерінің түсімі 4 млн. 275 мың теңгені құрады.

14. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

Ағымдағы жылдың басынан бері 6 нәресте тіркелді, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,4% - ға немесе 3 адамға төмендеді. Қайтыс болғандардың саны 13 адамды құрады, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 адамға төмендеді.

15. 2021 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАРДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІНДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ІСКЕ АСЫРУ.

2021 жылы аудан әкімінің және ауылдық округ әкімінің есеп беру кездесулерінде тұрғындар «Заградовка ауылының көшелерін жарықтандыру туралы», «Тонкошуровка ауылына кіреберіс жолын төсеу», сұрақтарын қойып, бақылауға алып, өз шешімін тапты. 

«2020 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2021 жылға арналған межелері» туралы Заградовка ауылдық округінің әкімі Б.Төлегеновтың округ тұрғындары алдындағы есебі

Заградовка ауылдық округінің құрамына 392 ауласы санымен 4 елдімекен кіреді. Заградовка ауылында 298 аула, Тонкошуровка  ауылында 32 аула, Горное ауылында 46 аула, Жамбыл ауылында 16 аула. Округте барлығы – 1192 адам өмір сүреді, Заградовка – 898 адам, Тонкошуровка – 91 адам, Горное – 146 адам, Жамбыл – 57 адам.

1. ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

Ауылдық округ аумағында 6 агроқұрылым жұмыс істейді: 4 ЖШС және 2 ШҚ.

Округ бойынша ауыл шаруашылық жерлері – 30512 га, соның ішінде: егістік – 24758 га, жайылым – 5719 га. 2020 жылы округ бойынша жаздық егіс алаңы 19992 га ( 2019 ж. - 19,7 мың га.):  дәнді дақылдар14,9 мың га (2019 ж. - 14,4 мың га),  майлы дақылдар 2,9 мың га. (2019 ж.- 4,2 мың га).

2020 жылда дәнді дақылдардың жалпы түсімі 33,9 мың тоннаны, (2019 ж. - 27,9 мың тонна),   өнімділік 23,0 ц/га, майлы дақылдар 3,1 мың тоннаны құрады (2019 ж. – 4,0 мың тонна), өнімділік 10,6 ц/га.

Барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы сомасы 388,2 млн. теңгеге мемлекеттік қолдау алды, оның ішінде өсімдік шаруашылығы саласы бойынша 127,2 млн. теңге, мал шаруашылығы саласы бойынша 185,7 млн. теңге. 75,3 млн. теңге сомасына инвестсубсидиялар алынды.

2. МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

Округте мал шаруашылығын дамытумен «Заградовское» ЖШС, «Прометей-Агро» ЖШС және округ тұрғындары айналысады. Округ шаруашылықтары бойынша мал саны: ІҚМ – 993 бас, қазақ ақбас асыл тұқымды, 25 жылқы және 30 қой. Сүт-тауар фермасында 780 бас симменталь тұқымды ІҚМ, соның ішінде 400 бас сиыр.

Жеке сектордағы мал басы: ІҚМ – 475 бас, (2019 ж - 584), жылқы – 260 басы, (2019 ж - 273),  қой және ешкі – 1029 бас (2019 ж - 1240), шошқа – 621 бас (2019 ж - 789).

Округтің ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 15606 ц сүт және 1316,4 ц ет сатылды.

Жеке секторда сүт сатып алуды «БерАлИл» жеке кәсіпкері бір литріне 100 теңге бағасымен жүзеге асырады.

3. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Округте халықты жұмыспен қамтудың барлық бағыттары бойынша жұмыс жүргізілуде.  2020 жылдың 15 жұмыссыз адам ресми түрде тіркелді, жұмыссыздар деңгейі экономикалық белсенді халық санына 1,8% құрады.

Жыл басынан бері қоғамдық жұмыстарға 11 адам жіберілді. 2020 жылы «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асыру бойынша 1 адам білім алды. (2019 жылы «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асыру бойынша 2 адам білім алды. 1 адам 541 мың теңге грант алды.)

Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында мемлекеттік атаулы көмек 14 отбасыға тағайындалды. Жалпы соммасы 5 млн 980 мың теңге.

4. КӘСІПКЕРЛІК

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 21 бірлікті құрады, оның ішінде 9 дүкен, дәріхана, киім тігу және жөндеу шеберханасы, шиномонтаж шеберханасы, екі жеке кәсіпкер көлік қызметін көрсетеді, 4 ЖК тасты өңдеумен айналысады (маусымдық жұмыс).

Ауылдық округте 2 наубайхана жұмыс жасайды, үздіксіз және сапалы жұмыс жасағандары үшін наубайхана нанының бағасы тұрақты болып қалады «Прометей-Агро» ЖШС-де нан бағасы 90 теңге, «Заградовское» ЖШС-де 160 теңге (1,1 кг).

5. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға инвестиция көлемі 375,8 млн. теңгені құрады.

6. БІЛІМ

Округте жалпы білім беру мекемелері 2 мектеп, Заградовка ауылында бір орта мектеп, Горное ауылында 1 негізгі мектеп, 178 оқушы қамтылған. 60 орындық балаларды қамтитын бір шағын орталық жұмыс істейді, балаларды 100% қамтиды. Интернет желісіне 2 мектеп қосылған. 2020 жылы Заградовка орта мектебінің шатырына жалпы сомасы 78 млн.теңгеге жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, 2020 жылы «Прометей-Агро» ЖШС қаражаты есебінен жалпы сомасы 535 мың теңгеге мектеп мұражайын қайта жаңарту жаңартылды. «Заградовское» ЖШС қаражаты есебінен жалпы сомасы 800 мың теңгеге едендік жабын (ленолиум, ДВП) ауыстырылды.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап педагогтардың жалақысы өсті. Білім беру объектілерін ауданнан облыстық басқармаға ауыстыру жүзеге асырылуда.

7. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Халыққа медициналық көмекті Заградовка ауылында 1 ФАП және Горное ауылында 1 медициналық пункт көрсетеді.

Короновирустық инфекциямен күресу мақсатында ауылдық ауыл шаруашылық тауар өндірушілері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында дәрілік препараттарды сатып алуға қаражат бөлді.

8. МӘДЕНИЕТ

Ауыл тұрғындарының мәдени бос уақытын кітапхана, Мәдениет үйі, «Старый  клуб» мәдени-сауық орталығы қамтамасыз етеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2020 жылдың желтоқсан айында Заградовка ауылдық кітапханасында коворкинг орталығы ашылды. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 2020 жылдың наурыз айынан бастап барлық мәдени-бұқаралық іс-шаралар онлайн форматқа көшірілді. Барлық басқа іс-шаралар барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

9. СПОРТ

Ауылдық округте спортпен шұғылдану үшін екі футбол алаңы бар, «Прометей» спорт үйі жұмыс істейді, хоккей жаттықтырушысы бар, спорт жабдықтары жаңартылып, іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

10. ҚҰРЫЛЫС

ЖШС қаражаты есебінен жыл сайын жаңа үйлер пайдалануға беріледі. 2020 жылы ауылдық округтегі ЖШС жұмысшылары үшін 3 тұрғын үй салынды, сондай-ақ 2021 жылы ЖШС жұмысшылары үшін 7 жаңа тұрғын үй салу жоспарлануда. Еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен халықты көшіру бағдарламасы бойынша Заградовка ауылында 3 үй салынды.

11. СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Заградовка ауылында жер асты көздерінен ауылдық су құбыры жұмыс істейді, ол құбырларды ауыстыруды және тазарту құрылғыларын орнатуды талап етеді, сондай-ақ Тонкошуровка ауылының тұрғындары жер асты көздерінен су құбырын пайдаланады. Горное және Жамбыл тұрғындары суды тазарту станциясын пайдаланады.

12. АБАТТАНДЫРУ

2020 жылдың шілдесінде Горное ауылында көше жарығы бойынша жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде 3 көше жарықтандырылды, жобаны іске асыру сомасы 35 млн.теңгені құрады. Сондай-ақ, 2020 жылдың желтоқсанында Заградовка және Жамбыл ауылдарында осындай жұмыстар жүргізілді. Заградовка ауылында 3 млн. теңге сомасына 2 көше, Жамбыл ауылында 500 мың теңге сомасына 1 көше жарықтандырылды. 2021 жылы көшелерді жарықтандыруға облыстық бюджеттен 5 млн.теңге бөлінді, 5 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының күшімен 120 шырша көшеттері отырғызылды. Заградовка ауылында екі қазандық жұмыс істейді: қатты және биологиялық отынмен жылытатын жеке үйлер, мектеп, ауылдық округ әкімдігі, мәдениет үйі және наубайхана.

2021 жылы ауылдық округ аумағында сквер салу жоспарлануда. Скверде шамдары бар тас төселген аллеялар, балалар алаңы, субұрқақ, жасыл желектер бар. Сондай-ақ демалыс аймағын (жасанды су айдыны) құру, Мәдениет үйінде би залын жөндеу, елді мекендердің жолдарын кескіндеу және МҮ аумағын көгалдандыру жоспарлануда.

13. САЛЫҚ

2020 жылы салық және жергілікті бюджеттің басқа да міндетті төлемдерінің түсімі 4 млн.945 мың теңгені құрады.

14. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

2020 жылда табиғи кему шамасы 27 адамды құрады.

Ағымдағы жылдың басынан бері 9 нәресте тіркелді, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,7% - ға немесе 4 адамға төмендеді. Қайтыс болғандардың саны 20 адамды құрады, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 адамға артты.

15. 2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАРДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІНДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ІСКЕ АСЫРУ.

2020 жылы аудан әкімінің және ауылдық округ әкімінің есеп беру кездесулерінде тұрғындар «Горное ауылындағы электр беру желілерін жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы», «Горное және Жамбыл ауылдарының кентішілік жолдарын қар құрсауынан тазарту», «Заградовка ауылының көшелерін жарықтандыру туралы» сұрақтарын қойып, бақылауға алып, өз шешімін тапты.

«2019 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылға арналған межелері» туралы Заградовка ауылдық округінің әкімі Б.Төлегеновтың округ тұрғындары алдындағы есебі

Заградовка ауылдық округінің құрамына 396 ауласы санымен 4 елдімекен кіреді. Заградовка ауылында 301 аула, Тонкошуровка ауылында 34 аула, Горное ауылында 43 аула, Жамбыл ауылында 18 аула. Округте барлығы — 1199 адам өмір сүреді, Заградовка — 895 адам, Тонкошуровка — 97 адам, Горное — 143 адам, Жамбыл — 64 адам.

Округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне талдау жүргізу нәтижесі бойынша біз мынадай көрсеткіштерге қол жеткіздік:

Өсімдік шаруашылығы.

Ауылдық округ аумағында 7 агроқұрылым жұмыс істейді: 4 ЖШС және 3 ШҚ.

Округ бойынша ауыл шаруашылық жерлері — 30512 га, соның ішінде: егістік — 24758 га, жайылым — 5719 га.

2019 жылы округ бойынша жаздық егіс алаңы 19772 га (2018 ж. — 20,7 мың га):

  • дәнді дақылдар14,4 мың га, (2018 ж-14,8 мың га,)
  • майлы дақылдар 4,2 мың га, (2018 ж-4,2 мың га)
  • жем-шөп дақылдарының егіс алқабы 3,2 мың га, (2018 ж. — 3,5 мың га.)
  • Пар алаңы — 4,4 мың га, (2018 — 3,6 мың га).

Дәнді дақылдардың ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару 2019 жылы — 27 913,5 тонна, майлы дақылдар — 4008,9 тонна.

2019 жылы дәнді дақылдардың жалпы түсімі 27,9 мың тоннаны (2018 жылы — 28,7 мың тонна), майлы дақылдар 4,0 мың тоннаны құрады (2018 ж. — 3,9 мың тонна).

Барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы сомасы 149,3 млн. теңгеге мемлекеттік қолдау алды, оның ішінде өсімдік шаруашылығы саласы бойынша 107,01 млн. теңге, мал шаруашылығы саласы бойынша 14,5 млн. теңге («Заградовское» ЖШС 14,5 млн. теңге). 27,6 теңге сомасына инвестсубсидиялар алынды.

Мал шаруашылығы.

Округте мал шаруашылығын дамытумен «Заградовское» ЖШС, «Прометей-Агро» ЖШС және округ тұрғындары айналысады. Округ шаруашылықтарының барлық санаттары бойынша мал саны:

Заградовское» ЖШС-і ІҚМ — 963 бас, қазақ ақбас асыл тұқымды, оның ішінде 354 сиыр және 18 бас бұқалар, 18 жылқы. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың желтоқсан айында серіктестік симменталь тұқымды 400 бас ірі қара малға арналған жаңа сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта 93 бас симменталь тұқымды ІҚМ сатып алынды. «Жобаның жалпы құны 1,2 млрд. теңгені құрады. 30 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жобаның қуаттылығы жылына 2,5-3 мың тонна сүтті құрайды.

«Прометей-Агро» ЖШС-і ІҚМ — 292 бас қазақ ақбас тұқымды, оның ішінде 161 бас — сиыр;

«Родичи» ЖШС 5 бас жылқы бар.

Жеке сектордағы мал басы: ІҚМ — 584 бас, (2018 жылы - 612); жылқы — 273 басы, (2018 жылы-268), қой және ешкі — 1240 бас, (2018 жылы - 1216), шошқа — 789 бас, (2018 жылы — 774).

Округтің ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 2620 ц сүт және 1234,5 ц ет сатылды.

Жеке секторда сүт сатып алуды «БерАлИл» жеке кәсіпкері жазғы кезеңде бір литріне 80 теңге және қысқы кезеңде 85 теңге бағасымен жүзеге асырады.

Ірі азықтың бөлшек бағасы: шөп — 1 центнер үшін 1600 теңге, астық қалдықтары — бір тоннасына 15000 теңге, сабан — 1 центнер үшін 750 теңге.

Әлеуметтік қорғау

Округте халықты жұмыспен қамтудың барлық бағыттары бойынша жұмыс жүргізілуде. 2019 жылдың 1 қарашасына 13 жұмыссыз адам ресми түрде тіркелді, жұмыссыздар деңгейі экономикалық белсенді халық санына 1,5% құрады. Округ бойынша 10 айдың қорытындысы бойынша 94 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жаңадан құрылған орындарға — 20 адам. Жыл басынан бері қоғамдық жұмыстарға 8 адам жіберілді, өткен жылы 70 адам, қоғамдық жұмыстарға 6 адам жұмысқа орналастырылды.

2019 жылы «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асыру бойынша 3 адам грант алды. Олар 2020 жылдың көктемінде несие алуды жоспарлап отыр. (2018 жылы «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асыру бойынша 2 адам (Сәрсекеева және Ахметбеков) білім алды. Олар 240 мың теңге грант алды, сондай-ақ «Игілік» бағдарламасы бойынша өз ісін ашуға 1 млн.теңгеден несие алды.)

01.11.2019 жылға мемлекеттік атаулы көмек тағайындалды:

  • Шартсыз ақшалай көмек (БДП) — 4 отбасына 2 млн. 006 мың теңге сомасында;
  • Шартты ақшалай көмек (ШАК) — 10 отбасына 6 млн.604 мың теңге сомасында.

Кәсіпкерлік

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 23 бірлікті құрады, оның ішінде 9 дүкен, дәріхана, киім тігу және жөндеу шеберханасы, шиномонтаж шеберханасы, екі жеке кәсіпкер көлік қызметін көрсетеді, 4 ЖК тасты өңдеумен айналысады (маусымдық жұмыс).

Округ бойынша кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін қызметкерлер саны 28 адам, орташа еңбекақысы 50 мың.

5 жеке кәсіпкерлермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тұрақтандыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

Ауылдық округте 2 наубайхана жұмыс жасайды, үздіксіз және сапалы жұмыс жасағандары үшін наубайхана нанының бағасы тұрақты болып қалады «Прометей-Агро» ЖШС-де нан бағасы 75 теңге, «Заградовское» ЖШС-де 120 теңге (1,1 кг).

Апта сайын бірінші қажеттілік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша мониторинг жүргізіледі, округ дүкендеріндегі азық-түлік бағасы аудан бағасына сәйкес келеді, алайда кейбір тауарларға жоғары баға бар.

Инвестициялық қызмет

2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға инвестиция көлемі 486,3 млн. теңгені құрады, 2018 жылдың аталған кезеңі бойынша инвестиция соомасы 453,8 млн. теңгені құрады.

«Заградовское» ЖШС-де К-744 Р4 тракторы, МТЗ-82 тракторы, КСК-600 мал азығын жинайтын комбайн, Pronto8SW егіс кешені, СУПН-8 тұқым сепкіші, КМН-5,6-0,1 культиваторы, көңге арналған транспортер, тыңайтқыш мин.шашқыш, автоқабылдау және конвеерлік көпір үстіндегі қалқа, жүгері дестесі сатып алынды.

«Прометей-Агро» ЖШС өнімділігі тәулігіне 100 тонна КАС маркалы сұйық тыңайтқыштарды өндіретін шағын зауыт салынды. Жобаның құны 42,3 млн. теңгені құрады.

«Родичи» ЖШС-і 8,8 млн.теңгеге БЗГТ-25 тырмасын және 123,0 млн. теңгеге John Deer W660 астық жинайтын комбайнын сатып алды.

Білім

Округте жалпы білім беру мекемелері 2 мектеп, Заградовка ауылында бір орта мектеп, Горное ауылында 1 негізгі мектеп, 178 оқушы қамтылған. 60 орындық балаларды қамтитын бір шағын орталық жұмыс істейді, балаларды 100% қамтиды. Интернет желісіне 2 мектеп қосылған. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бір компьютерге 4 оқушыны құрайды.

«Прометей-Агро» ЖШС-мен 2020 жылға Заградовка орта мектебінің шатырын жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама (1050000 теңге) әзірленді.

Денсаулық сақтау

Халыққа медициналық көмекті Заградовка ауылында 1 ФАП және Горное ауылында 1 медициналық пункт көрсетеді. Заградовка дәрігерлік амбулаториясында бір жедел жәрдем машинасы бар.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 0 адамды құрады (2018ж. — 0 адам), онкологиялық аурушаңдық бойынша 7 адамды құрады (2018ж. — 2 адам).

Мәдениет

Ауыл тұрғындарының мәдени демалысын ауылдық кітапхана, Мәдениет үйі, демалыс орталығы қамтамасыз етеді, онда ауылдық округ тұрғындары үшін түрлі іс-шаралар өткізіледі. Кітапхана жанында «Нескучная пятница» клубы ұйымдастырылды, ол ауылдық округте өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың желтоқсан айында Заградовка ауылында «Старый клуб» мәдени-сауық орталығы ашылды, онда барлық тұрғындары бос уақытын өткізе алады.

Спорт

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жастар арасында спорттық іс-шаралар өткізілуде. Ауылдық округте спортпен шұғылдану үшін екі стадион бар, «Прометей» Спорт үйі жұмыс істейді, хоккей жаттықтырушысы бар, спорт жабдықтары жаңартылып, іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Балалар мен жастарды дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту мақсатында 2019 жылы 44 спорттық іс-шара өткізілді,оның 8-і ауданға барып, 4 жүлделі орын алды. (2018 жылы 42 іс-шара өткізілді, 11 ауданға барып, 5 жүлделі орын қамтылды.)

Құрылыс

ЖШС қаражаты есебінен жыл сайын жаңа үйлер пайдалануға беріледі. Биылғы жылы ЖШС жұмысшыларына үш тұрғын үй салынды. Халықты жұмыс күші көп өңірлерден көшіру бағдарламасы бойынша Заградовка ауылында үш үй салынды.

Сумен жабдықтау

Заградовка ауылында ұзындығы 4,3 км жер асты көздерінен ауылдық су құбыры жұмыс істейді, ол құбырларды ауыстыруды және тазарту құрылғыларын орнатуды талап етеді, сондай-ақ Тонкошуровка ауылының тұрғындары ұзындығы 1,5 км жер асты көздерінен су құбырын пайдаланады. Горное және Жамбыл тұрғындары 2015 жылғы маусымнан бастап суды тазарту станциясын пайдаланады.

Абаттандыру

Горное ауылы бойынша электр беру желілерін күрделі жөндеуге 38 млн.теңге бөлінді. Тапсырыс беруші Есіл ауданының ТКШ бөлімі. 25 ауладағы үй жанындағы учаскелердің қоршаулары жөнделді және ауыстырылды, сондай-ақ «Заградовское» ЖШС-мен екі қабатты тұрғын үйдің терезелерін 1690000 теңгеге пластикалық халық терезелеріне ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Елдімекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша үш айлық барысында барлық ұйымдарда гүлзарлар отырғызылды, сенбіліктер өткізіліп, барлық тұрғындар белсенді қатысады. «Заградовское» ЖШС күшімен 110 шырша көшеттері отырғызылды. Ауылдық округ мектептерінде 60 сиреннің көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ ауылдық округ аумағына кіре берістегі баннерлер ауыстырылды. 2019 жылы Заградовка ауылына кіреберіс жолға орташа жөндеу жүргізілді. Облыстық бюджеттен осы жобаға 375,5 млн. теңге бөлінді.

Мемлекеттік жекеменшік серіктестік шеңберінде Заградовка ауылында қатты отынмен жылытатын қазандық салынып, пайдалануға берілді, ол жеке үйлерді, мектепті, а/о әкімшілігін, Мәдениет үйі мен наубайхананы жылытады, қазіргі уақытта 64 пәтер жасыл технология бойынша қолданыстағы қазандық есебінен жылытылады, сондай-ақ «Прометей-Агро» ЖШС осыған ұқсас қазандық іске қосылды.

Салық

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 3 млн. 193 мың теңге сомасына салық жиналды: соның ішінде көлік салығы 2 млн. 950 мың теңге, мүлік салығы 20142 теңге, жер салығы 223540 теңге.

Демографиялық жағдай

2019 жылғы 1 қарашадағы табиғи кему мөлшері минус 12 адамды құрады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 9 жаңа туған сәби тіркелді, 2018 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 30,7% немесе 4 адамға төмендеді. Қайтыс болғандар саны 12 адамды құрады, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3% немесе 1 адамға төмендеді.

2019 жылғы қаңтардағы есеп беру кездесулерінде көтерілген мәселелерді іске асыру.

2019 жылы аудан әкімі мен ауылдық округ әкімінің есеп беру кездесулерінде тұрғындармен «Горное а. электр беру желілерін жөндеу бойынша жұмыстар жүргізу туралы», «Тонкошуровка а. қаңғыбас иттерді аулау бойынша», «Заградовка а. 1-ші топтағы мүгедекке арба беруге көмек көрсету туралы» сұрақтар қойылды. Олар бақылауға алынды және өз шешімін тапты.

Заградовка ауылдық округiнiң 2018 жылғы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындысы және 2019 жылға мүмкiндiктерi туралы Заградовка ауылдық округi әкiмiнiң есебi

Құрметтi округ тұрғындары!

Өзiнiң Қазақстан халқына кезектi Жолдауында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» мемлекет Басшысы 8 басты мiндеттердi атап, ағымдағы жылы халық өмiрiнiң жақсару бойынша iс-шаралары мен мемлекеттiң әлеуметтiк саясатының негiзгi бағыттарын толық түрде баяндады. Бұл уақыт талабы. Осы мiндеттерге назар аударсақ, бiз көптеген жетiстiктерге жетемiз.

Бұл Жолдау қазақстандықтардың әл-ауқатының табысты өсуi үшiн бiзге не iстеу керектiгiн анықтайды.

Заградока ауылдық округiнде 1307 адам өмiр сүредi, 416 ауласыны құрайды. 195 зейнеткер, 34 мүгедек, олардың 3 балалар, тыл еңбеккерлерi 23 адам, «Алтын алқа» — 5 адам, «Күмiс алқа» — 2 адам марапатталған, интернационалист жауынгерлерi — 5 адам, мектепке дейiнгi жастағы балалар — 101 бала, мектеп алды оқушылар — 17, оқушылар — 159 бала.

Бiздiң округ аумағында заманауи техника және технологиямен жабдықталған 4 ЖШС, 4 ШФҚ iрi агро құрылымдар жұмыс iстейдi. Барлық шауалар уақытылы және сапалы түрде қажеттi агротехникалық iс-шаралар өткiзiп тұрады. Ауыл шаруашылықтың жалпы алаңы 29111 мың га, жаздық егiс 20700 га құрады. 2018 жылы егiн шығымы 19,3 ц/га., майлы дақылдар— 9,8 ц/га. құрады. «Заградовское» ЖШС, «Прометей-Агро» ЖШС тұқым өсiру мәртебесiне ие. Ағымдағы жылы «Заградовское» ЖШС шағын элеваторының тағы 10 мың тоннаға кеңейтiлу жұмыстары жүргiзiлдi. Округтiң ЖШС және ШҚ 453,8 млн. теңге соммасына техникасы сатып алынды. Округтiң агроқұрылымдарымен 174236000134 млн. 950 мың теңге субсидия алынды.

Ауылдық округте мал шаруашылығымен «Заградовское» ЖШС Қазақтың ақ бас тұқымды қара малдары бойынша асыл тұқымды фермасы жұмыс iстейдi, 1358 бас, «Прометей-Агро» ЖШС 179 бас Қазақтың ақ бас тұқымды IҚМ айналысады.

Ағымдағы жылы «Заградовское» ЖШС қаражаты есебiнен 400 басқа iрi қара малға арналған сүт-тауар фермасының құрылысы басталды, пайдалануға енгiзу 2019 жылдың шiлде айында жоспарлануда.

Жеке қосалқы шаруашылықта 485 бас IҚМ, 217 бас жылқы, 942 бас қой, 584 бас шошқа, 6899 құс бар.

Ауылдық округтегi «Заградовское» ЖШС ет өнiмдерiн өңдеу желiсi, 2 наубайхана жұмыс iстейдi.

Есептi жылы «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша балалар алаңы орнатылды, жобаның бағасы 1 млн 670 мың теңгенi құраған. Сондай-ақ осы бағдарлама бойынша Заградовка ауылының көшелерiн жарықтандыруға 2 млн.теңге бөлiндi, 46 дала шамдары орнатылды.

2018 жылдың 18 қазанында Құтқарушылар күнiне орай, сондай-ақ «мемлекеттiк өртке қарсы қызметтерiнiң болмаған елдi мекендерде жергiлiктi атқарушы органдардың өрт сөндiру бекеттерiн құруы бойынша iс-шаралар жоспарына» сәйкес Заградовка ауылында «Заградовское» ЖШС базасында өрт сөндiру бекетiнiң ашылуы салтанатты түрде өттi.

2018 жылдың 16 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Заградовка ауылында «Прометей-Агро» ЖШС қаражаты есебiнен интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткiш ашылды, шығындар сомасы 2 млн. 100 мың теңгенi құрады.

Заградовка ауылында 2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Прометей-Агро» ЖШС қаражаты есебiнен КФК құрылысы аяқталады.

2019 жылға Заградовка ауылына кiрме жолды күрделi жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзiрлендi.

Ауылдық округ бойынша 2015 ауладан сүт өнiмiн сатып алу жұмысы бiр кәсiпкермен жүргiзiледi.

Округте аббатандыруға үнемi көңiл бөлiнедi. Мемлекеттiк жеке меншiк серiктестiк шеңберiнде ағымдағы жылы Заградовка ауылында «Заградовское» ЖШС қаражаты есебiнен қатты отындағы қазандыққа 31 жеке тұрғын үй қосылды. Жобаның құны 15 млн. тенгенi құрады. Тұрақты түрде ауылдарды абаттандыру сенбiлiктерi мен акциялары өткiзiледi, ағымдағы жылдың маусым айында Заградовка ауылында «Менiң үйiм, менiң көшем, менiң ауылым» атты акциясы бастады, акцияның аясында ауылдың стадионын аббаттандыру жұмыстары жүргiзiлдi, ал үздiк үй-жайлар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ЖШС қаражаты есебiнен жыл сайын жаңа үйлер пайдалануға берiледi. Келесi жылы 4 үйдiң құрылысы жоспарлануда.

Жастар арасында салауатты өмiр салтын жүргiзу аясында спорттық iс-шаралар өткiзiледi. Спортпен айналысу үшiн «Прометей» спорт үйi, хоккей ойыны бойынша жаттықтырушы бар және спорт құралдары жаңартылып тұрады, iргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жалғастырылуда.

Округте 2 бiлiм беру мекемесi бар, бiреуi Заградовка орта мектебi, ал екiншiсi Горное ауылында негiзгi мектебi, 159 бала бар. 60 орынды балаларға арналған бiр шағын — орталық жұмыс iстейдi, балалар саны 100 пайызды құрайды. Сондай-ақ 20 орынды балаларға арналған бiр топ мемлекеттiк тiлде жұмыс iстейдi. Округте 1 медициналық пункт және 1 фельдшерлiк акушерлiк пункт жұмыс iстейдi.

52 аула кабельдiк телеарнаға қосылған және де 280 аулада ғаламтор бар.

Қоғамдық орындардағы қауiпсiздiктердi қамтамасыз ету үшiн және Заградовка ауылына кiру жолдарында «Заградовское» ЖШС және «Прометей-Агро» ЖШС қаражаты есебiнен 10 бейнебақылау камералары орнатылған.

Ауылдық округте жұмыспен қамту және аз қамтылған азаматтарды қолдау бағдарламасы бойынша нақты жұмыстар жүргiзiледi. Нақты қоғамдық жұмысқа — 10 адам, маусымдық жұмысқа — 3 адам, әлеуметтiк жұмыс орындарына — 1 адам орналастырылды. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 11 адамға 273018 теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды.

Барлық атқарылған жұмыстар округ халқының өмiр сүру сапасын жақсартуына, азаматтардың әл-ауқатын арттыруына, өмiр сүру орындарын абаттандыруына бағытталған. Бiзге осылардың барлығына жергiлiктi қауымдастық, округ тұрғындары, ЖШС және ШҚ басшылары үлкен қолдау көрсетедi.

Есеп аяқталды, назарларыңызға рахмет!

Заградовка ауылдық округінің 2017 жылғы әлеуметтік–экономикалық даму қорытындысы және 2018 жылға мүмкіндіктері туралы Заградовка ауылдық округі әкімінің есебі

Құрметтi округ тұрғындары!

Өзiнiң Қазақстан халқына кезектi Жолдауында «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» мемлекет Басшысы 10 басты мiндеттердi атап, ағымдағы жылы халық өмiрiнiң жақсару бойынша iс-шаралары мен мемлекеттiң әлеуметтiк саясатының негiзггi бағыттарын толық түрде баяндады. Бұл уақыт талабы. Осы мiндеттерге назар аударсақ, бiз көптеген жетiстiктерге жетемiз.

Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртiншi өнеркәсiптiк революция әлемiне бейiмделу мен жетiстiкке жету жолын табу үшiн не iстеу қажеттiгiн айқындайды.

2017 жылы бiздiң ел БҰҰ Қауiпсiздiк Кеңесiнiң тұрақты емес мүшесi болды. 2018 жылдың қаңтар айында оған төрағалық етудемiз.

Өткен жылда әлемдiк дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсерiп, сенiмдi өсу жолынақайта түстi. Жыл қорытындысы бойынша iшкi жалпы өнiмнiң өсуi 4 процент болып, ал өнеркәсiптiк өнiмнiң өсуi 7 проценттен асты. Бұл орайда, өнеркәсiптiң жалпы көлемiнде өңдеушi сектордың үлесi 40 проценттен асып түстi. Қазақстанның қолайлы дамуы орта таптың қалыптасуына мүмкiндiк бердi. Кедейшiлiк 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейi 4,9 процентке дейiн төмендедi.

Елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық табыстарының негiзi — бiздiң басты құндылықтарымызретiнде қала беретiн азаматтық бейбiтшiлiк, ұлтаралық және конфессияаралық келiсiм.

Заградока ауылдық округi өзiне бес елдi мекендi құрайды (Заградовка а., Тонкошуровка а., Славянка а., Горное а., Жамбыл а.) халық саны 1575 адамды құрайды (412 аула). 2017 жылда 16 адам келiп, 12 адам кеттi. 24 бала дүниеге келдi, 13 адам қайтыс болды.

198 зейнеткер, 40 мүгедек, оның 6 балалар, тыл еңбеккерлерi 24 адам, «Алтын алқа» — 6 адам, «Күмiс алқа» — 4 адам марапатталған, интернационалист жауынгерлерi — 5 адам, мектепке дейiнгi жастағы балалар — 147 бала, мектеп алды оқушылар — 19, оқушылар — 196 бала.

Бiздiң округ аумағында современный техника және технология, сондай-ақ жеткiлiктi қаражатпен қамтамасыз етiлген 4 ЖШС, 4 ШФҚ iрi агро құрылымдар жұмыс iстейдi. Барлық шауалар уақытылы және сапалы түрде қажеттi агротехникалық iс-шаралар өткiзiп тұрады. Ауыл шаруашылықтың жалпы алаңы 29297 мың га, жаздық егiс 22023 га құрады. Егiн шығымы 19,2 ц/ га, майлы дақылдар -10,9 ц/га құрайды. «Заградовское» ЖШС, «Прометей-Агро» ЖШС тұқым өсiру мәртебесiне ие. «Заградовское» ЖШС 10 мың тоннаға шағын элеватор жұмыс iстейдi. 2018 жылы қосымша тағы 10 мың тоннаға кеңейтiледi, сондай-ақ «Родичи» ЖШС өнiмдiлiгi 30 т/с «PETKUS» бидай кептiру комплексi жұмыс iстейдi. Округтiң ЖШС және ШҚ 306,992 млн. теңге соммасына техникасы сатып алынды. Округтiң агроқұрылымдарымен 174236000 теңге субсидия алынды.

Ауылдық округте мал шаруашылығымен «Заградовское» ЖШС Қазақтың ақ бас тұқымды қара малдары бойынша асыл тұқымды фермасы жұмыс iстейдi, 1455 бас, жылқы 23 бас бар. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Прометей-Агро» ЖШС 173 бас Қазақтың ақ бас тұқымды IҚМ алды.

Жеке қосалқы шаруашылықта 481 бас IҚМ, 225 бас жылқы, 1015 бас қой, 738 бас шошқа, 6674 құс бар.

Халық Петропавл қаласында өткiзiлетiн жәрмеңкеге өдiрiлген өнiмдерiн сатыға мүмкiндiктерi бар. Өндiрiлген өнiм 3 млн 43 мың 37 теңге соммасына шығарылған.

Сүт өнiмi — 786 тонна, ет өнiмi — 108 тонна, жұмыртқа — 320430 дана өндiрiлдi.

Ауылды одан әрi дамыту үшiн үлкен мәнi болып ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеу иеленедi. Ауылдық округте 2 наубайхана жұмыс iстейдi, наубайханалардың сапалы түрде жұмыс iстегеннiң арқасында нанның бағасы бiр қалыпта, «Прометей-Агро» ЖШС нан бағасы — 65 теңге, «Заградовское» ЖШС — 120 теңгенi (1,1 кг) құрайды.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында ет өнiмдерiн өңдеу желiсi ашылды, жоба 10 млн. теңгенi құрады. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Заградовка ауылында салтанатты түрде Мәдениет үйi ашылды, жөндеу жұмыстарының шығымы 18 млн. теңгенi құрады. Мемлекеттiк жеке меншiк әрiптестiк шеңберiнде Заградовка ауылында қатты отынмен жағылатын қазандық салынып, эксплуатацияға енгiзiлдi, ол мектептi, ауылдық округiнiң әкiмдiгiн, наубайхананы және болашақта жеке үйлердiң қосылуы жоспарлануда. Жобаның құны 8604000 теңгенi құрады. Қазiргi уақытта 64 пәтер жасыл технология бойынша қазандығымен жағылады, сондай-ақ ұқсас қазандық «Прометей-Агро» ЖШС бар.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылы Заградовка ауылында «Прометей-Агро» ЖШС қаражатымен мәдени ойын-сауық орталығының құрылысы аяқталады.

2018 жылға «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша бюджеттен 4 млн. 600 мың теңге бөлiндi.

Болашақта ауыл тұрғындары тұрмысының жоғарылауы, тұрғындардың жеке кәсiпкерлiкпен, үлкен және шағын бизнесiмен айналысу болып табылады. Округ аумағында 11 өнеркәсiп жұмыс iстейдi. Жолаушылар автобусының маршруты бойынша үш жақты қозғалыс қамтамасыз етiлген, үш жеке кәсiпкер көлiк қозғалысын жүргiзедi: «Заградовка –Горное — Антоновка — Көкшетау»., «Тонкошуровка –Заградовка- Горное- Явленка –Петропавловск»., «Заградовка-Явленка». «Гельмель» ЖК дөңгелек жөндеу орны, киiм тiгу және жөндеу бойынша «Жигайло» ЖК цехы жұмыс iстейдi.

Округте ауылдың тұрмыстық жағдайына көп көңiл бөлiнедi. «Заградовское» ЖШС 1 млн. теңге сомма қаражаты есебiнен су құбырлары ауыстырылды, берiлген жұмыс 2018 жылы жалғастырылады. Жыл сайын ЖШС қаражаты есебiнен жаңа үйлер пайдаланылуға берiледi. Осы жылы 180 кв.м. екi пәтерлi тұрғын үй салынды, келесi жылы 5 үйдiң құрылысы жоспарлануда. Жастар арасында салауатты өмiр салтын жүргiзу аясында спорттық iс-шаралар өткiзiледi. Ауылдық округ аудандық және облыстық спорт iс-шараларына белсендi қатысады. Спортпен айналысу үшiн «Прометей» спорт үйi, хоккей ойыны бойынша жаттықтырушы бар, спорт құралдары бар және де жаңартылып тұрады, iргелес аумақты абаттандыру жұмыстары жалғастырылуда.

Округте 2 бiлiм беру мекемесi бар, бiреуi Заградовка орта мектебi, ал екiншiсi Горное ауылында негiзгi мектебi, 196 бала бар. 60 орынды балаларға арналған бiр шағын — орталық жұмыс iстейдi, балалар саны 100 пайызды құрайды. Сондай-ақ 20 орынды балаларға арналған бiр топ мемлекеттiк тiлде жұмыс iстейдi. Округте 1 медициналық пункт және 1 фельдшерлiк акушерлiк пункт жұмыс iстейдi.

52 аула кабельдiк телеарнаға қосылған және де 280 аулада ғаламтор бар.

Қоғамдық орындардағы қауiпсiздiктердi қамтамасыз ету үшiн және Заградовка ауылына кiру жолдарында «Заградовское» ЖШС қаражаты есебiнен 5 бейнебақылау камералары орнатылған.

Ағымдағы жылда округ бойынша 2 млн. 921 мың теңге соммасына демеушiлiк көмек көрсетiлдi.

Ауылдық округте жұмыспен қамту және аз қамтылған азаматтарды қолдау бағдарламасы бойынша нақты жұмыстар жүргiзiледi. Нақты 50 адам жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмысқа — 3 адам, маусымдық жұмысқа — 3 адам, әлеуметтiк жұмыс орындарына — 1 адам орналастырылды. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 4 адамға 146646 теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды.

Округ үшiн мәселелi сұрақтар болып:

1. Горное ауылындағы ЕС 164/4 мекемесiнiң жабылуы.

2. Ауылдардағы көшелердiң жарықтандырылуы.

3. Заградовка ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту.

4. Тонкошуровка ауына кiрме жолдарын себу.

Өткен жылы Есiл ауданы әкiмi және ауылдық округ әкiмiнiң

халық алдында кездесу есебi барысында бақылауға алынған бiр сұрақ келiп түстi, қазiргi уақытта берiлен сұрақ оңтайлы шешiлдi.

1. Қыс мезгiлiнде Горное ауылының жолдарын қардан

тазалау туралы –Горное аулының жолдары шаруа құрылымдарының күшiмен қардан тазарту жұмыстары жүргiзiлдi.

Барлық атқарылған жұмыстар округ халқының өмiр сүру

сапасын жақсартуына, азаматтардың әл-ауқатын арттыруына, өмiр сүру орындарын абаттандыруына бағытталған. Бiзге осылардың барлығына жергiлiктi қауымдастық, округ тұрғындары, ЖШС және ШҚ басшылары үлкен қолдау көрсетедi.

Есеп аяқталды, назарларыңызға рахмет!

2016 жылғы Заградовка селолық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылға перспективалары

Құрметтi ауыл тұрғындары!

Елiмiздiң тарихында 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы айтулы белес болып табылады. Тәуелсiздiк — бұл бiздiң ұлы құндылығымыз, ең жоғарғы жетiстiгiмiз. Егемендiкке қол жеткiзген уақытта бiздiң одан әрi тарихмыз барлық мемлекетте ауқымды реформалауды iс жүзiнде қамтамасыз ете отырып, алдын-ала анықтады.

Зарадовка селолық округiнiң аппарат әкiмдiгi өз жұмысын елдi-мекеннiң тұрмыс-жағдайының артуы бойынша бағыттарына сәйкес құрылған. Бiздiң ауыл өмiрi сапасының көтерiлуi селолық округ жұмысының басымдық бағыты болып қалады.

Заградовка селолық округiнiң құрамына бес елдi мекен кiредi, онда 442 аула және 1654 адам өмiр сүредi. Соның iшiнде 152 мектепке дейiнгi жастағы балалар, 246 мектеп жасындағы, тұрғындардың экономикалық белсендiлiктерi 1006, үлкен жастағы мүгедектер 34, мүгедек балалар 6, зейнеткерлер 210 адам.

Округ аумағында ауылшаруашылық өнiмдiлiгiмен заманауи техника және технологиялары бар, сондай — ақ жеткiлiктi қаржылық қамсыздандырылған iрi агроқалыптастырулар айналысады. Мемлекеттiк қолдаудың арқасында олардың техникалық қамтапмасыз етiлуi өсуде. 2016 жылы аргоқалыптастырулармен 222,923 млн. теңге соммасына жаңа техникалар мен құрал-жабдықтар алынды. Барлық шаруашылықтар уақытылы және сапалы түрде қажет агротехникалық iс — шараларды өткiзуде. Оңтайлы құрылым әзiрленген егiн себу сәйкес, осыған байланысты бидай себу 16491 га жүргiзiлдi, өнiмдiлiгi 17,2ц/га кезiнде дәндi және дәндi –бұршақты жинау 283122 ц. құраған. 12,2 ц/ га кезiнде майдың алаңы — 2261 га, жалпы жинау — 27537 ц. құраған. Көктем егiстiгiн және жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн округтiң аггроқалыптастырулармен субсидиясы 75181729 теңге соммасы алынды.

Селолық округте мал шаруашылығымен жеке қосалқы шаруашылықтар айналысады. «Заградовское» ЖШС Қазақтың ақ бас тұқымды қара малдары бойынша асыл тұқымды фермасы жұмыс iстейдi, берiлген мәлiмет бойынша қара малдың саны 1241 басты құрайды. Сонымен қатар «Прометей-Агро» ЖШС Қазақтың ақ бас тұқымды қара малдарының саны 54 басты құрайды. Мал шаруашылығы бойынша агроқалыптастырулармен субсидиясы 60500000 теңге соммасы алынды. Округте мал дәрiгерi және лицензиат дәрiгерi жұмыс атқарады, барлық қажеттi ветиринарлық iс-шаралар уақытылы орындалады.

Халыққа қажеттi азық-түлiктi Петропавл қаласында өткiзiлетiн жәрмеңкесiнде ала алады. 1 млн. 450 мың тенге сомасына азық-түлiк шығарылды.

Селоның ары қарай дамуына ауыл-шаруашылық шикiзат өнiмiнiң қайта жасалуының маңызы өте зор. Округте 3 наубайхана орындары бар. «Родичи» ЖШС қаржыландырылуымен 30 т/с өнiмдiлiгiмен «PETKUS» фирамының бидай кептiру кешенi пайдалануға енгiзiлген, жобаның құндылығы 79629420 теңгенi құраған.

16 желтоқсан күнi «Заградовское» ЖШС мал сою цехы салтанатты түрде ашылды.

Болашақта село тұрғындарының тұрмысы жоғарылауы, тұрғындардың жеке кәсiпкер мен үлкен және шағын бизнесiнiң артуы болып табылады. Округ аумағында 12 өнеркәсiп жұмыс iстейдi. Жолаушылар автобусының маршруты бойынша үш жақты қозғалыс қамтамасыз етiлген, үш жеке кәсiпкер көлiк қозғалысын жүргiзедi: «Тонкошуровка–Заградовка-Горное-Явленка–Петропавловск», «Заградовка –Горное — Антоновка — Көкшетау», «Заградовка-Явленка». «Гельмель» ЖК дөңгелек жөндеу орны, киiм тiгу және жөндеу бойынша «Жигайло» ЖК цехы жұмыс iстейдi.

Округте селоның тұрмыстық жағдайына көп көңiл бөлiнедi. Тонкошуровка және Славянка селоларының жолдарын жөндеуi жүргiзiлген. Ауылды абаттандыру жүйесiнде ұдайы сенбiлiктер және жеңiлдiктер негiзiнде өткiзiлiп тұрады.

«Аумақтарды жетiлдiру» бағдарламасы бойынша Заградовка селосының асфальттанған жолдарының ойықтарын жөндеуге 250000 теңге соммасы бөлiнiп игерiлдi. 2017 жылға «Аумақтарды жетiлдiру» бағдарламасы бойынша 250000 теңге соммасы бөлiндi. Заградовка селосының ауыл iшiндегi жолдарды ағымдағы жөндеуге «2020 жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 3455 мың теңге бөлiнген, тапсырыс берушi «СҚО Есiл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ сөйледi.

Ағымдағы жылда округте «Заградовское» ЖШС қаражатымен жұмыстарын алғашқы болып атқарған жұмысшыларға жаңа үйлер қолданысқа берiледi. Бұл үйлерде тұру үшiн барлық талаптарға сай жасалған.

Округте 3 бiлiм беру мекемесi бар, олар Заградовка селосындағы Заградовка орта мектебi, Горное селосында негiзгi мектебi және де Тонкошуровка бастауыш мектебi. 70 орынға арналған 244 балалармен ауқымдалған 2 шағын — орталығы жұмыс iстейдi, беруi орта мектебi, ал бiреуi негiзгi мектебi, олардың iшiнде — 20 оқушы нөлiншi сыныптарда оқиды.

Мемлекет денсаулық сақтау мекемелерiнiң жұмысын ұйымдастыруы осы заманға сай стандартына ауысу және материалдық базасының жақсаруына үлкен көңiл бөледi.

Округте емдеу 1 медициналық пункт және 2 фельдшерлiк пункт. Ағымдағы жылда «Заградовское» ЖШС 10 млн. теңге соммасына ФАП арналған жаңа ғимарат салынды. Оның iшiнде тiс емтеу кабинетi, патронаждық кабинетi, гинекологиялық кабинетi бар. «Белокопытова» ЖК дәрiханасы жұмыс iстейдi. СВА көлiкпен қамтамасыз етiлген.

Сонымен қатар селолық кiтапханасы селолықтарды мәдениетке жақын болуды қамтамасыз етедi. Онда «Нескучная пятница» клубы ұйымдастырылған, ол селолық округте болатын барлық iс-шараларға белсендi қатысады.

Ағымдағы жылдың 16 желтоқсан ҚР Тәуелсiздiк күнi мерекесiн тойлау қарсаңында Горное селосында мәдени-демалыс орталығы ашылды. Барлық iс-шаралар БАҚ-да жарыққа шығады.

Ағымдағы жылы «Прометей-Агро» ЖШС қаржыландырылуымен жастар арасында салауатты өмiр салтын насихаттау үшiн 37 млн. теңге соммасына жабық хоккей корты салынып пайдалануға берiлдi. Онда ендi спорттық iс-шаралар өткiзiледi.

Селолық округте полиция пунктi бар. Қараша айында учаскелiк полицияларыдың халық алдында есептiк баяндамасы өткiлiздi. Тұрақты түрде аулалық тексерiстер жүргiзiлiп тұрады.

2016 жылы жергiлiктi салық 1512912 теңге жиналды. Олардың 21309 теңгесi мүлiк салығы, 218594 теңге жер салығы, 1273009 теңге көлiк салығы.

Өткен жылы Есiл ауданы мен селолық округ әкiмдерiнiң тұрғындардың алдында есептi кездесуi барысында 6 сұрақ түстi. 2 сұрақ бақылауға алынып, осы күнге осы сұрақтар өз жөнiн тапты:

1. Горное селосы электр қуатын есептеу есептеггiштердi тұтынуымен электр есептеу есептегiштерiн электр беру желiлерiнен тұрғын үйлердiң қасбеттерiне ауыстыру туралы — берiлен сұрақ шешiлдi, есеп беру күнiне дейiн электр есептеу есептегiштерiн электр беру желiлерiнен тұрғын үйлердiң қасбеттерiне 20 есептеу есептегiшi ауыстырылды. Есiл АЭС жұмыстары кабельдiк-сым өнiмдерi Есiл АЭС Корнеевка РПБ қоймасына түскен кезiнде, сондай-ақ электр есептеу есептегiштерiн электр беру желiлерiнен тұрғын үйлердiң қасбеттерiне шығару үшiн абоненттерден өтiнiштердiң түсуiмен жүрiзiледi.

2. Қаңғыма иттердi аулау — қаңғыма иттер мен мысықтарды аулауға аудандық бюджеттен 2 млн. 183 мың теңге бөлiндi. Аудандық село округтерi бойынша 668 қаңғыма иттер ауланды, соның iшiнде Заградовка селосында 20қаңғыма иттер аулап алынды, сондай-ақ өлiктерiн мал қорымында жағу және жоюды ұйымдастыру шұғыл шаралар қабылданған.

Бүгiнгi заманда, Президентiмiз Нұрсұлтан Әбiшұлының саясатына сай, бiздiң азаматтарымыздың әл-ауқаттары артуда.

Мақаланы құрған күні 24.01.2018 15:48

Мақаланы жаңартқан күні 16.01.2022 10:08

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz