Құқық бұзушылықтың алдын алу

 

 

 

 

«Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекеттiк саясат басымдылықтарының бiрi»

Бүгiнгi таңда қоғамымыздың алдында тұрған аса маңызды және әлеуметтiк маңызды мiндеттердiң бiрi, қылмыстың өсуiн азайту жолдарын және оларды алдын — алудың тиiмдiлiгiн арттыру жолдарын табу болып табылады.

Мемлекеттiң әлеуметтiк саясатының басым бағыттарының бiрi кәмелетке толмаған құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

Күн сайын әртүрлi стресстiк жағдайларға ұшыраған, балалармен жасөспiрiмдер субьективтi себептермен әрдайым оларға қарсы тұра алмайды, соның салдарынан терiс салдары пайда болады. Көптеген жағдайларды болдырмауға, қоғам үшiн зиянды немесе қауып тудыратын себептердi немесе жағдайларды болдырмау үшiн және оларды жетiлдiруге көмектесу оңайырақ болады.

Бiрнеше жылдар iшiндегi жасөспiрiмдер арасындағы құқық бұзушылықтың басты мәселелерi: отбасылық жағдай, ата-анасы немесе қамқоршысы тарапынан бақылау болмаған жағдайда, дұрыс тәрбие бермегенде, сондай-ақ қоғамдағы жағымсыз процестер болып табылады.

Заградовка ауылдық округiнде құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту, бекiтiлген жоспарға сай ауылдық округ әкiмi аппараты учаскелiк полиция инспекторы, Қоғам кеңесi мүшелерiмен және мектеп ұйымының өкiлдерiмен бiрлесе отырып жүргiзiледi. Округiмiзде құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының басты мақсаты, балаларды отбасында тәрбиелеудiң басты рөлi, сонымен қатар көпбалалы ата-аналармен әлеуметтiк қорғалмаған және жағдайы төмен отбасылармен тығыз қарым-қатынас орнату. Қылмыстың алдын алудың тиiмдiлiгi халықтың осал топтарына хабардар болуына байланысты, қажет болған жағдайда, құқықтық тұлғаны қалыптастыруға көмектеседi. Округiмiзде анықталған отбасылардың уақтылығы, тұлғаның қолайсыз дамуына жол бермеуге және оны мәдени және спорттық iс-шараларға тарту арқылы жақсартуға мүмкiндiк бередi (секция, кружоктар).

Қоғам кеңесi мен алдын алу Кеңесiнiң жұмыс жоспарына сәйкес осы аталған отбасыларға тұрақты бақылау орнатылған:

  • жағдайы төмен отбасыларда кәмелеттiк жасқа толмаған балалары бар;
  • жағдайы төмен отбасыларға жеке профилактикалық жұмыс жүргiзу үшiн жауапты тұлға бекiтiлген;
  • әлеуметтiк-жағдайы төмен отбасыларды және балаларды қадағалау мақсатында үйдi-үйдi аралау жұмыстары жүргiзiледi, қиын өмiрлiк жағдайға тап болған, отбасылы жағдайын, кәмелеттiк жасқа толмаған балалардың әлеуметтiк-қауыпты жағдайға тап болу себептерiн анықтау мақсатында, сонымен қатар алкогольдiк iшiмдiк, шылым шегу және есiрткi қабылдаудың зияны жөнiнде түсiндiрме әңгiмелер жүргiзiледi. Тексерiс барысында аз қамтылған және әлеуметтiк қорғалмаған балалармен жасөспiрiмдердiң тұрмыстық-материалдық жағдайы тексерiлiп, актысы жасалады;
  • отбасылық және тұрмыстық қақтығыстар негiзiнде пәтерлерге бару және отбасы мүшелерiн кәмелеттiк жасқа толмағандар мен оның отбасына қатысты алдын алу үшiн ауылдық округ әкiмнiң аппаратына шақыру жұмыстары жргiзiледi;
  • кешкiлiк уақытта кәмелеттiк жасқа толмаған жасөспiрiмдердiң күн тәртәбән сақталуын қадағалау мақсатында тұрақты кешкiлiк уақытта рейдтер жүргiзiледi. Ағымдағы жылдың бiрiншi жартыжылдығында рейдтiк топтардың өткiзiлген рейдтердiң саны — 24;
  • ауылдық округ кiтапханасында дөңгелек үстелдер, әңгiме, алкогольдiктiң алдын алу мақсатында, нашақорлық және кәмелеттiк жасқа толмаған және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшiн пiкiрталастар өткiзiлiп тұрады;
  • салауатты өмiр салтын ұстану мақсатында тұрақты түрде спорттық iс-шаралар өткiзiледi. 2018 жылдың бiрiншi жартыжылдығында округiмiзде 28 спорттық iс-шара өткiзiлдi, 304 адам қатысты;
  • мектеп ұйымдарында тұрақты түрде сабаққа келмейтiн балалардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыстар атқарылып отырылады;
  • кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға алкоголь және темекi өнiмдерiн сатуға жол бермеу үшiн тұрақты жұмыстар жүргiзiлiп тұрады. Осы жұмысты әрi қарай жандандыру мақсатында кәмелеттiк жасқа толмаған және жастарға алкоголь және темекi өнiмдерiн сатпау үшiн жеке кәсiпкерлермен әңгiме жүргiзiлдi. Әрбiр дүкендерде спирттiк өнiмдердi неш жастан бастап сатылу қажет және оның уақыты көрсетiлген ақпарат орналасқан;
  • «Бөтен балалар болмайды» атты профилактикалық акция аясында 10 отбасына киiм кешекпен көмек көрсетiлдi;
  • ауылдық округ әкiмi аппараты Қоғам кеңесiмен бiрлесе отырып ауылдық округтiң барлық елдi мекендерiнде, сонымен қатар жағдайы төмен отбасыларда өрттiң алдын алу мақсатында жеке тұрғын үйлерде, «қауып» тобындағы адамдардың жеке қожалықтарында өртке қарсы тексерiс жүргiзiлдi.

Сонымен қатар қылмыс жасаудың тағы бiр себебi ата-аналардың жазықсыз қалуы, өз ата-аналық мiндеттерiн балаларды тәрбиелеу жөнiнде атқармайтын мiндеттерi.

Көрсетiлген әлеуметтiк құбылыстар құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын алу үшiн жергiлiктi өзiн өзi басқару, құқық қорғау органдары және қоғаммен бiрге қарым-қатынаста атқарылуы тиiс.

Мақаланы құрған күні 01.11.2018 16:24

Мақаланы жаңартқан күні 10.01.2019 12:02

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz