Мемлекеттік қызметтер

Telegram-арнасы ONAY QYZMET SQO

2022 жылға «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2022 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»; «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»; «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»; «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату»; «Жер учаскесін алуға кезекке қою».

Барлығы 2022 жыл ішінде мемлекеттік қызметтер ақылы негізде ұсынылмады.

«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Есіл ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы көрсетілетін қызметті алушылардан 1 өтініш түсті.

2022 жыл ішінде жер телімдерін беруден бас тарту туралы 6 шешім қабылданды.

«Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы 38 өтініш түсті, оның ішінде: жеке тұлғалардан – 1; заңды тұлғалардан – 37 өтініш.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 10 өтініш, оның ішінде 3 өтініш – бұрын берілген өтініштерді қарауды тоқтатуға, оның ішінде жеке тұлғалардан – 1 өтініш.

Заградовка ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» бар, картридер бар, оның көмегімен ауылдық округ тұрғындары E-gov «Электрондық үкімет» порталы арқылы қажетті қызметтерді ала алады.

Электрондық нысанда «Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі» веб-порталы арқылы 2022 жылы 120 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және ақпараттандыру мақсатында ауылдық округ әкімінің аппаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылды (стандарттар, көрсетілетін қызметтердің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, өтініш үлгілері, шағымдар журналы). Осыған ұқсас ақпарат ауылдық округтің сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңына, бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес көрсетіледі. Қызметтер баламалы және баламасыз негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, 2022 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ.

2022 жылы 7 түсіндіру шарасы өткізілді:

  • 2022 жылғы 9 ақпан-электрондық қызметтерді танымал ету мақсатында ауылдық округ тұрғындарымен кездесу;
    • 2022 жылғы сәуір-17 адамды қамтитын дөңгелек үстел;
  • 2022 жылғы 6 маусым-Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің қатысуымен цифрлық сауаттылықты арттыру шеңберінде онлайн – семинар-оқыту;
  • 2022 жылғы 29 шілде-19 адамды қамти отырып, мемлекеттік қызметтерді іске асыру бойынша тікелей эфир;
  • 2022 жылғы 29 қыркүйек-цифрлық сауаттылықты арттыру шеңберінде сенинар кездесуі, 26 қыркүйекте осындай кездесу Заградовка ауылдық округінің Горное ауылында өткізілді;
  • 2022 жылғы 30 қараша-20 адамды қамти отырып, мемлекеттік қызметтерді іске асыру бойынша тікелей эфир;

2022 жылғы 30 желтоқсан – сандық сауаттылықты арттыру шеңберінде оқыту.

Тұрақты негізде халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіретін брошюралар, парақшалар, буклеттер таратылады, парақшалар тестілері де ауылдық округ әкімінің сайтында және Фейсбукте орналастырылған.

2022 жылы а/о тұрғындары арасында 500-ге жуық брошюра таратылды.

Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында әкім аппараты түсіндіру іс-шараларын («Ашық есік күні», семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ-та, «Facebook» әлеуметтік желісінің платформасында және мемлекеттік органның ресми сайтында мақалалар жариялау) өткізу, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтау жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 1 шағым түсті.

Заградовка ауылдық округі
әкім
і Б. Төлегенов

Электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау

2022 жылғы 9 ақпанда Заградовка ауылдық кітапханасында ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші маманы Д. А. Тұяқов халықпен кездесу өткізді, оның мақсаты электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау болды. Тұрғындарға «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы да, үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу үшін ЭЦҚ алу қажеттігі туралы жеткізілді. Түсіндіру электрондық үкімет және электрондық қызметтер, электрондық-цифрлық қолтаңбаны қашықтан алу, бір реттік пароль арқылы қызметтерді алу сияқты тақырыптарға жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі

Мемлекеттік қызмет — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Мемлекеттік қызметтер адам өмірінің барлық салаларын және бүкіл кезеңін қамтиды. Туған сәттен бастап адам өмір бойы мемлекетпен мемлекеттік қызметтерді алу арқылы өзара әрекеттеседі. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру — бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне азаматтардың сенімін арттырудың маңызды аспектісі. Соңғы бірнеше жылда мемлекеттік қызмет көрсету саласында үлкен өзгерістер болды, арнайы ережелер мен стандарттар әзірленіп, бекітілді.

Заградовка ауылдық округінде әкім аппараты жұмысының ажырамас бөлігі және басты бөлігі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер қатарына: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру және басқалар кіреді.

Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімде уақтылы орындалады және тегін негізде көрсетіледі.

Ауылдық округте ең көп талап етілетін қызмет «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» болып табылады.

Интернет дәуірінің басталуын ескере отырып, көптеген елдер халықтың мемлекеттік органдармен (қызмет көрсетушілермен) өзара қарым-қатынасын барынша жеңілдетуге, жеделдетуге және оңтайландыруға тырысуда. Бұл үшін арнайы Қазақстан Республикасында «Электрондық үкімет» порталы енгізілді «Egov.kz» (бұдан әрі-портал), ол азаматтар мен бизнеске мемлекеттік және муниципалдық қызметтердің қалыптасқан жиынтығын ұсынады. Оның көмегімен сіз қызметті электронды түрде ғана емес, сонымен қатар қызметтің өзі, алынған орны, құны, қызмет көрсету мерзімі және құжаттардың үлгілері туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыз.

Халықтың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыру мақсатында әкім аппаратында «ConnectionPoint» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда аппарат мамандары порталды пайдалану бойынша азаматтардың туындаған сұрақтарына жауап береді, электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде көрсетілетін қызметтерді алу туралы ақпарат береді.

«ConnectionPoint» секторының арқасында компьютермен жұмыс тәжірибесі жоқ азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше пайдалануға және қызмет көрсетуге оқытудан өтеді, бұл оларға үйден шықпай-ақ барлық мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру және қол жетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпарат бар стенд орналастырылған (стандарттар, көрсетілетін қызметтер тізімі, өтініш үлгілері, шағымдар журналы). Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат ауылдық округ әкімі аппаратының ресми сайтында орналастырылған zagradovka-esl.sko.kz.

Округте мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша халықты ақпараттандыру бойынша тұрақты түрде: бейне сабақтар, түсіндірме әңгімелер, дөңгелек үстелдер және осы тақырып бойынша ауылдық жиындарда брошюралар мен парақшалар берумен жұмыстары жүргізіледі.

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Заградовка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 2021 жылы 140 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • Е-лицензиялау арқылы көрсетілген — 26 қызмет:
  1. Нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру — 2
  2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу — 15;
  3. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру — 9
  • «Электрондық үкімет ConnectionPoint» веб-порталы арқылы көрсетілген — 114 қызмет:
  • Электрондық-цифрлық қолтаңбаны қашықтан алу — 44
  • Қазақстандағы емханаға тіркелу — 13
  • Халыққа анықтама беру («Соттылығының болуы/болмауы туралы», психоневрологиялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық диспансерлерден, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы, жылжымайтын мүлкінің болмауы/болуы туралы, өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама, мұрағаттық анықтамалар) — 36
    • Тұрғылықты жері бойынша тіркелу — 4
    • Екпе алу паспортын беру — 15
    • Жүргізуші куәлігін қайта шығаруға өтінім — 1
    • Тұрғын үйді алуға кезекке қою — 1

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді алу туралы барлық қызықтырған сұрақтарға жауаптарды мына телефондар арқылы ала аласыз: 8(71543)3-56-30 «СҚО Есіл ауданы әкімдігінің Заградовка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, Заградовка ауылы, Мир көшесі, 18А.

 

2021 жылдың 12 сәуірінде Заградовка ауылдық кітапханасында ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Д. С. Тыштыбаева электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау және қызмет көрсету бойынша жадынамаларды тарату мақсатында дөңгелек үстел өткізді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Заградовка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметтің 7 түрі көрсетіледі. Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Қызметтерді алу процесін жеңілдету, аудан орталығына шығуды болдырмау мақсатында, Заградовка ауылдық округі әкімінің аппаратында «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы орнатылған, оның көмегімен әрбір азамат электрондық қызметті өз бетінше немесе ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерінің көмегімен ала алады.

Тұрғындардың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Заградовка ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттық стенд, осы тақырыпта буклеттер, брошюралар бар. Сондай-ақ, барлық қажетті ақпарат Есіл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған www.esl.sko.gov.kz, Заградовка ауылдық округі әкімдігінің www.zagradovka-esl.sko.kz / «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, «Электрондық үкімет» веб-порталында жарияланған;

2021 жылғы 2 наурызда Заградовка ауылдық кітапханасында ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Д.С. Тыштыбаевамен дөңгелек үстел өткізілді, оның мақсаты электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жадынамаларды тарату болып табылады. Сондай-ақ «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ЭЦҚ  алу тиімділігі. Аталған іс-шараны өткізу барысында үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету, ЭЦҚ қашықтықтан алу бойынша кеңестер берілді.

 

2020 жылғы 21-22 желтоқсан аралығында Заградовка ауылдық округінде ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Д.С. Тыштыбаевамен «Үйден шықпай-ақ электрондық қызмет ал» тақырыбында буклеттер таратылды. Сондай-ақ «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ЭЦҚ алу тиімділігі. Аталған іс-шараны өткізу барысында үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету, ЭЦҚ қашықтықтан алу бойынша кеңестер берілді

«E-gov» порталында ақпарат алу

Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер

«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң Заградовка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселерi бойынша қызметi туралы есеп (ZIP 40 Kb)

«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң Заградовка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер тiзiмi

№ п/п Қызметтердің атауы Стандарт Өтініш нысандары
1 Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқадейін) жастағы балаларды кезекке қою
2 Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну
3 Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
4 Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру
5 Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
6

Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату

7 Жер учаскесін алу үшін кезекке қою  

«Цифрлық агент» мобильдi қосымшасы

«Цифрлық агент» мобильдi қосымшасы

ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгi мен «Атамекен» ҰКП жанындағы IT-кеңесiмен «Цифрлық агент» қосымшасын ұсынды.

Қосымша Қазақстандықтарға мемлекеттiк қызметтердiң сапасын, қызметкердiң сыпайылығы мен кәсiбилiгiн, әкiмшiлiк тосқауылдарды, күту уақытын, мүмкiндiгi шектеулi тұлғалар үшiн «Сандық агент» мобильдi қосымшасы арқылы қол жетiмдiлiктi бағалауға мүмкiндiк бередi. Қосымша нақты уақыт режимiнде мемлекеттiк қызмет көрсететiн органдарға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк қызмет бөлiмшелерiне қызмет көрсету сапасы туралы хабарлауға мүмкiндiк бередi.

Сонымен қатар, «Digital Agent» қосымшасы мемлекеттiк қызмет көрсететiн субъектiлердiң заңнаманы бұзу фактiлерi туралы шағым беруге мүмкiндiк бередi. Шағымға құқық-бұзушылықтың аудио-бейне жазбасын, суреттiн қоса аласыз. Шағым арыз алынғаннан кейiн, қызмет көрсетушiлерге оқылықты жоюға 5-тен 10 минутқа дейiн уақыт берiледi, содан кейiн бiз мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бақылайтын орган ретiнде мәселелердi шешуге араласатын боламыз.

Осылайша, агенттiк азаматтардың проблемаларын тез арада шешуге «фактiден кейiн» бұзушылықтардың мониторингiнен алға жылжуда.

Сонымен қатар, автоматты режимде мемлекеттiк қызметтер мен мемлекеттiк органдар контексiнде статистика мен рейтингтер қарастырылады.

«Цифрлық агент» мобильдi қосымшасы

 

«Жемқорлық — қоғам дертi, дерттiн емi — онымен күрес! Бiрге күресейiк!»

«Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасының мәселер бойынша»

Мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – Өмір сапасы

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасының қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету — мемлекеттiк саясаттың басым бағыттарының бiрi болып қалады. Ашық және қолжетiмдi мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру — Елбасының мемлекеттiк басқару органдарының алдынақойылған негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң Заградовка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ 8 (сегiз) түрлi мемлекеттiк қызмет көрсетедi. Барлық мемлекеттiк қызметтер тегiн көрсетiледi.

Бұл қызметтi алу үдерiсiн жеңiлдету, аудан орталығына бармау үшiн, Заградовка ауылдық округi әкiмiнiң аппаратында өзiне-өзi қызмет көрсетуге арналған «Connection Point» аумағын құралған, бұл аумақта әрбiр азамат электронды қызметтi өзi немесе ауылдық округ әкiмi аппаратының маманының көмегiмен ала алады.

Халыққа мемлекеттiк қызмет көрсетiлуiне тең жетiмдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында, Заградовка ауылдық округi әкiмiнiң аппаратында мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi, буклеттер, берiлген тақырыпқа арналған кiтапшалар туралы ақпараттық стендi орналасқан. Сондай-ақ, барлық ақпарат Есiл ауданы әкiмiнiң www.esl.sko.gov.kz, ресми сайтында, Заградовка ауылдық округi әкiмдiгiнiң www.zagradovka-esl.sko.kz/ «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiмiнде, «электрондық үкiмет» веб-порталында орналастырылған.

Қазiргi уақытта, мүгедек және халықтың мобильдiк топтарына кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн әкiмi аппаратының ғимараты сәйкестендiрiлдi.

Заградовка ауылдық округi әкiмiнiң аппаратына көбiнесе, қызметтi алушылар көрсетiлетiн «Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру» мемлекеттiк қызмет көрсету туралы түсiндiру өтiнiшiмен жүгiнедi.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған мемлекеттiк қызметтi алу үшiн, қызметтi алушы «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамға жүгiнуi қажет немесе өз еркiмен келесi құжаттарды қоса бере отырып электрондық үкiмет проталына өтiнiм бере алады:

  • қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  • жер учаскесiн орналастыру схемасы;
  • жеке басты куәландыратын құжат (тұлғаның жеке басын сәйкестендiру үшiн қажет).

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi 28 жұмыс күнi.

Мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде бостандықтары мен заңды мүдделерiн, құқықтарын қорғау үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын жақсарту ұсыныстарын енгiзуге, әрбiр азамат СҚО Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментiнiң 8(715-2) 50-24-19 телефонына хабарласа алады.

Заградовка ауылдық округiнiң әкiмi
Б. Төлегенов

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Заградовка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселері бойынша қызметі туралы есеп

2016 жылдың 10 айына Заградовка селолық округiнiң мемлекеттiк қызмет көрсетудiң негiзгi қызмет бағыттары бойынша ақпарат

«Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының Заградовка селолық округiнiң аппарат әкiмi» мемлекеттiк мекемесi соның iшiне Заградовка селосы кiретiн Заградовка селолық округiнiң барлық аумағында әкiмнiң қызметiн қамтамасыз ететiн, мемлекеттiк басқару және бақылау саласында жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мекемесi болып саналады,

Мемлекеттiк мекеме мемлекеттiк қызметтер бекiтiлген стандарттарға сәйкес және енгiзiлген өзгертулердi ескере отырып жүктелген мiндеттердi iске асыру шеңберiнде көрсетедi:

  • жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру;
  • шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну;
  • жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру;
  • елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру.

Белгiленген талаптарға сәйкес Заградовка селолық округi аппаратының ғимаратында ақпарат стендiнде қызмет алушыларға арналған мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат орналастырылған.

«Заградовка селолық округi аппаратымен 2016 жылдың 10 айына 45 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, соның iшiнде жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру туралы 1 қызмет, елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру туралы 3 қызмет, жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру туралы 41 қызмет көрсетiлдi».

Әкiм Б. Төлегенов

Мақаланы құрған күні 24.01.2018 15:44

Мақаланы жаңартқан күні 14.07.2023 17:35

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz