Заградовка мектебінің туған күні

Заградовка мектебiнiң тарихы бiр тұтас онжылдық болып саналады. Заградовка ауылының үлкендерiнiң айтуынан, 1948 жылы — Заградовка мектебi жетi жылдық болған, онда үлкендер де балалар да бiлiм алған. Заградовка мектебiнiң мұрағатында 1961 жылы Заградовка жетi жылдық мектебi сегiз жылдық мектебi болып қайта құрылды. Ал 1963 жылдың 30 тамызында Аудандық Халыққа бiлiм беру бөлiмiнiң мұрағат деректерi шешiмiмен Заградовка сегiз жылдық мектебi орта мектебi болып, яғни он жылдық мектеп болып қайта құрылды. Есеп беру уақытын мектептiң он жылдық мектеп болып қайта құрылған сәттен бастап жүргiзiлген, бүгiнгi күнде де солай саналады. Осындан Заградовка орта мектебiне 2016 жылы 53 жыл толады.

1973 жылдың қыркүйегiнде мектеп жаңа ғимаратқа көшiп, қазiргi таңда сонда орналасқан. Дәл осы күнi алғашқы оқу күнiнiң басталуына мектептiң дайындығы туралы актке қол қойылды.

53 жыл — ұзақ мерзiм. Осы кезеңде қаншама оқиғалар болды десеңiзшi!

Кейбiреулерi ұмытылды, бiрақ көптеген оқиғалар есте қалды және тарих болып қалады.

11 қараша күнi мектеп бiрiншi рет өзiнiң туған күiнiн атап өттi. Бұл оқиғаның қуанышымен мұғалiмдермен әр түрлi жылы бiтiрген түлектер, Заградовка мектебiнде әр түрлi жылдарда iстеген ұстаздар, оқушылар және ата-аналар бөлiстi. Өлең таңертеңнен естiлдi. Акт залы және мектеп дәлiздерi мерекеге сай безендiрiлшен. 1 сыныптан 11 сынып оқушыларына шай iшу ұйымдастырылды, ал кешке «Сүйiктi мектебiм туған күнiңмен!» атты мерекелiк бағдарлама болды.

11.11.2016
Қаралым саны: 2294
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz