Салық берешегі бар жеке тұлғалардың назарына!

СҚО бойынша Мемлекеттiк кiрiстер департаментi 2018 жылдың 1 қазанынан бастап құрылған салық берешегi өтелмеген жағдайда жеке тұлғаларға Хабарлама жiберiлетiнiн хабарлайды.

Бұдан әрi, жеке тұлға 1 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен (2018 ж. — 2 405 теңге) астам мөлшерде салық берешегiн төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда салық органы Хабарлама тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күнi өткеннен кейiн «Жеке тұлғаның берешегiн өндiрiп алу туралы салық бұйрығын» шығарады және жеке тұлғаға жiбередi.

Электрондық салық төлеушi ретiнде тiркелген жеке тұлғалар Хабарлама мен Салық бұйрығын салық төлеушiнiң кабинетi арқылы электрондық арна арқылы алады.

Жеке тұлға салық берешегiн өтемеген кезде салық органы жеке тұлғаға салық бұйрығы тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, мұндай Салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында айқындалған тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн атқарушылық iс жүргiзу органдарына жiбередi.

СҚО бойынша МКД

01.11.2018
Қаралым саны: 1759
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz