2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы № шешімі 

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы
2-7-тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің бюджеті сәйкесінше 1,2,3 қосымшаларға сәйкес,соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 258 114 мың теңге:

салықтық түсімдер – 5 961мың теңге;

салықтық емес түсімдер — 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 200 мың теңге;

трансферттер түсімі – 248 953 мың теңге;

2) шығындар – 258 114 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу — 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер — 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу — 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо — 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу — 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер — 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) — 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын

қаржыландыру (профицитін пайдалану) — 0 мың теңге:

қарыздар түсімі — 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу — 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары — 0 мың теңге.

2. 2024 жылға арналған Заградовка ауылдық округі бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52-1-бабына сәйкес құрылатындығы белгіленсін.

3. 2024 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің бюджетінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің көлемдері қарастырылсын, соның ішінде:

азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмысшыларының жалақысын арттыруға.

Аталған трансферттерді республикалық бюджеттен бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округі әкімінің «Есіл ауданы мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы» шешімімен анықталады.

4. 2026 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округініңбюджетінде облыстық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің көлемдері қарастырылсын, соның ішінде:

Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің Заградовка ауылындағы кентішілік жолдарды орташа жөндеуге.

Аталған трансферттерді облыстық бюджеттен бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округі әкімінің «Есіл ауданы мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы» шешімімен анықталады.

5. 2024 жылға аудандық бюджеттен Заградовка ауылдық округінің бюджетіне бюджеттік субвенциялар көлемі 18 345 мың теңге сомасында көзделсін.

Аталған трансферттерді аудандық бюджеттен бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округі әкімінің «Есіл ауданы мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы» шешімімен анықталады.

6. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің 2024 жылға арналған бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі көзделсін, оның ішінде:

еңбекақы төлеу қорына;

ағымдағы шығындарға.

Аталған трансферттерді аудандық бюджеттен бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округі әкімінің «Есіл ауданы мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Заградовка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру туралы» шешімімен анықталады.

7. Заградовка ауылдық округі бойынша 2024-2026 жылдарға арналған шығыстар 1,2,3 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

6. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының төрағасы

 Қосымша (DOCX 35 Kb) 

26.12.2023
Қаралым саны: 116
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz