Су тарату пунктi ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығын мерекелеу аясында Заградовка ауылында заманауи тазарту жабдығы бар су тарату пунктi ашылды. Бұл айтулы күндi ауыл тұрғындары ұзақ күттi.

15 желтоқсанда аудан әкiмi Медет Дулатұлы Оспанов жұмыс сапары барысында аталған нысанның жұмысын тексердi. "Заградовское ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесi түбегейлi шешiлдi. Сапалы ауыз су — бұл бүкiл халықтың және жалпы қоғамның денсаулық кепiлi", — дедi Заградовка ауылының тұрғындарын мерекемен құттықтаған Есiл ауданының әкiмi.

Заградовка ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджеттен 11,6 млн. теңге сомасында қаражат бөлiндi.

Су тарату пунктi ашылдыСу тарату пунктi ашылды

15.12.2021
Қаралым саны: 735
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz