Солтүстік Қазақстан облысыЕсіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/171 «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл

ауданы Заградовка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/171 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 258 114 мың теңге:

салықтық түсімдер – 5 961 мың теңге;

салықтық емес түсімдер — 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 200 мың теңге;

трансферттер түсімі – 248 953 мың теңге;

2) шығындар – 258 481,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу — 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер — 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу — 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо — 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу — 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер — 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) — - 368,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру

(профицитін пайдалану) – 368,1 мың теңге:

қарыздар түсімі — 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу — 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 368,1 мың теңге.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. 4-қосымшаға сәйкес, Заградовка ауылдық округінің бюджетінде қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен және жоғары тұрған бюджеттен пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару есебінен шығыстар көзделсін»;

мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

«1-2. 4-қосымшаға сәйкес, Заградовка ауылдық округінің бюджетінде қаржы жылының басында қалыптасқан бос қалдықтар есебінен шығыстар көзделсін».

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының төрағасы

2024 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка ауылдық округінің бюджеті (DOCX 39 Kb)

Ұсыныстар (PDF 2883 Kb)

28.02.2024
Қаралым саны: 80
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz